Астанада «Сыбайлас жемқорлықты түйсінудің ұлттық индексі әдіснамасын әзірлеу» тақырыбында семинар өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада «Сыбайлас жемқорлықты түйсінудің ұлттық индексі әдіснамасын әзірлеу» тақырыбында семинар өтті

02.04.2015
Астанада «Сыбайлас жемқорлықты түйсінудің ұлттық индексі әдіснамасын әзірлеу» тақырыбында семинар өтті

Сыбайлас жемқорлықты түйсіну деңгейін ұдайы түрде өлшеу қажет.

Бұл туралы бүгін Астанада «Сыбайлас жемқорлықты түйсінудің ұлттық индексі әдіснамасын әзірлеу» тақырыбында өткен семинар-тренингте «Нұр Отан» партиясы Қоғамдық саясат институтының директоры Саясат Нұрбек мәлімдеді.

Оның айтуынша, былтыр 2015-2025 жылдарға арналған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасына» сәйкес «Жол картасы» мақұлданды.

Семинарда институт ұсынған әдіснаманы шетелдік және беделді отандық сарапшылар талқылап, қолдады.

Айтылған ұсыныстар мен кеңестер Сыбайлас жемқорлықты түйсінудің Ұлттық индексін түзу барысында ескерілмек.

 

Алмат ӘБДІРАМАН

Хабарламаларға жазылу