Қызылордада іскер әйелдер кеңесі құрылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордада іскер әйелдер кеңесі құрылды

01.04.2015
Қызылордада іскер әйелдер кеңесі құрылды

Кеңес-әлеуетті бизнес-идеяларға, жобаларды жүзеге асыруға көмек көрсетеді, өз ісін енді бастаушы кәсіпкер қыз-келіншектерге ұйымдастырушылық, әдістемелік, кеңес берушілік және ақпараттық тұрғыдан жәрдем береді.

Әсіресе, шалғай ауылдағы әйелдер назарға алынады. Яғни, аталмыш бірлестік облыс пен аудан, одан әрі елді мекендердегі кәсіпкер-әйелдерді бір-бірімен тығыз байланыстыратын көпір болмақ. Айта кетейік, Қызылорда облысында 52 мың кәсіпкер-әйел бар.

 

Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу