Орал өңірінде тұратын І топтағы мүгедек Арман Айтбаев туралы өткен хабарларымыздың бірінде айтқан едік.
Ол үйінің бір бұрышын шеберханаға айналдырып, теріден түрлі бұйымдар тігеді.
Енді облыстық Кәсіпкерлер палатасының қолдауымен шеберхана салынды. Ауыл әкімдігі ғимаратқа жарық пен газ тартып, есік пен терезе орнатып берді. Қазір шеберханада қызу жұмыс жүруде.
Ауыл арасында «Армани шебер» атанған Арман Айтбаевтың ендігі мақсаты - мамандық алып, жастар мен кембағал жандарды өз ісіне үйрету.
Рауан ДИӘЛИ