Таразда 20 мүмкіндігі шектеулі жан мемлекеттік грантқа үміткер - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Таразда 20 мүмкіндігі шектеулі жан мемлекеттік грантқа үміткер

01.07.2022

Тараздағы «Анаға тағзым» орталығында мүмкіндігі шектеулі жандардың қолөнер көрмесі өтті. 1000-ға тарта бұйым сатылымға қойылды. Шаһардағы жеті қоғамдық бірлестік азаматтарды қоғам өмірінен шет қалдырмай, өз бетінше кәсіп бастап, білім алуына жәрдем береді.

Бүгінде қолөнерге бейімі бар 20 мүмкіндігі шектеулі жан мемлекеттік грантқа қатысуда. Ал, 40 шебер қысқа мерзімді оқуға жіберілген. Гүлбану Бөлекбаева 2-ші топтағы мүгедек. 6 ай арнайы үйірмеге қатысып, тігіншілікті үйренген. Қазір түрлі сөмкелер, аяқ киім мен балалар ойыншығын тігеді. Осы істі әрі қарай дамытып, табыс көзіне айналдыруды жоспарлап отыр.

Гүлбану Бөлекбаева, тігінші:

Бұл үйірмеге мен қатысып жүргеніме 4-5 ай болды. Мен бұл жерде моншақтан неше түрлі сөмке, тасбақа неше түрлі зат жасаймын. Міне мынандай бас киімдер тіктік, тоқымалар жасадық. Енді осыны өзіме табыс көзі ретінде табыс тапқым келеді.

Хабарламаларға жазылу