Бүгін Павлодарда Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл әрекеті департаментінің ұйымдастыруымен аймақтық семинар басталды. Шара төрт күн бойы жалғасады.
Осы уақыт аралығында барлық деңгейдегі шенеуніктер жемқорлыққа тосқауыл қоюдың жаңаша жолдарын үйренеді. Оларға құқық қорғау және бақылаушы органдардың басшылары дәріс оқиды. Ал, алдағы уақытта аймақтағы мемлекеттік қызмет құрылымында біраз өзгерістер болады.
Болат АМАНБАЕВ