Арнайы жасақ өз міндетін мінсіз атқарды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Арнайы жасақ өз міндетін мінсіз атқарды

13.06.2016
Арнайы жасақ өз міндетін мінсіз атқарды

«Ерлік тек соғыста жасалады» деген бекер. Бейбіт заманда да ерліктер жасалады. Кешегі Ақтөбе сөзімізге дәлел.

Арнайы жасақтың сарбаздары мұздай қаруланған қаніпезерлермен ауыр шайқас жүргізіп, түгелінің дерлік көзін жойды.

Қазақстанда лаңкестікпен күресетін үш арнайы бөлімше бар. Олар -  «Бүркіт», «Арлан» және «Арыстан». Арнаулы жасақтардың ішінде «Арыстанның» атағы ерек. Бұл құрылым 1992 жылдан бері террористік шабуылдарға тегеурінді тойтарыс беріп, ел тыныштығын күзетумен келеді.

Нұрбек БЕКБАУ

Хабарламаларға жазылу