Алматыдағы Қыздар университетінде патриоттық шара өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыдағы Қыздар университетінде патриоттық шара өтті

12.03.2015
Алматыдағы Қыздар университетінде патриоттық шара өтті

Алматыдағы Қыздар университетінде «Нұр Отан» партиясының XVI съезіне байланысты «Біздің таңдауымыз - Елбасы!» атты патриоттық шара өтті.

Шараға оқу орнының ұстаздары мен студенттері қатысып, съезде көтерілген мәселелерді талқылады.

«Еліміздің гүлденуіне бағытталған бағдарламаларды табысты іске асыру үшін Нұрсұлтан Назарбаевтың президент сайлауына қатысуы - аса маңызды», дейді көпшілік.

Университет ұжымы саяси науқанға бір кісідей атсалысатындарын жеткізді. 

 

Нұрлан НАУРЫЗАЛИЕВ

Хабарламаларға жазылу