«Нұр Отан» партиясы бүгін XVI съезін өткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Нұр Отан» партиясы бүгін XVI съезін өткізді

11.03.2015
«Нұр Отан» партиясы бүгін XVI съезін өткізді

Съезд шешімі  бойынша Қазақстан Республикасы Президентіне үміткер ретінде партия төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың кандидатурасы  ұсынылды. Ал, делегаттардың пікірін тыңдағаннан кейін Нұрсұлтан Назарбаев сайлауға қатысатынын мәлімдеді. 

Партияның  - 1230 делегаты қатысқан  съезде  Президенттікке  үміткер ұсынылуы керек еді. «Жаһанда - жағалай дүрбелең, қылышын  жалақтатқан - санкциялық «соғыс» - қауіп төндіріп тұр. Сын сағатта халық тізгінді тәжірибелі  көшбасшыға  ғана  сеніп тапсыра алады.  Ал, Президенттікке лайық бірден бір қайраткер – Нұрсұлтан  Назарбаев», – деді Кенжеғали Сағадиев. 

 

Жайнагүл ТӨЛЕМІС

Хабарламаларға жазылу