Парламент Сенатының депутаттары «2015-2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңын қабылдады. Кейбір құрылыс нысандары уақытша тоқтатылғанымен, алаңдауға негіз жоқ.
Бастысы - ел мүддесі мен халықтың әлеуметтік жағдайы ескеріліп отыр. Қазақстан экономикасы әлемдік нарықтағы едәуір өзгерістер мен тұрақсыздық жағдайында қарамастан даму қарқынын жоғалтпады. Мәселен, 2014 жылы мұнай мен темір рудасының әлемдік бағасы 2 есе төмендеді. Осыған қарамастан, алдын ала бағалау бойынша, еліміздің экономикасы 4,3%-ға өсті.
Индира БЕГАЙДАР