Тәуелсіздікті тұғырландыру қадамы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тәуелсіздікті тұғырландыру қадамы

21.02.2015
Тәуелсіздікті тұғырландыру қадамы

Жарқын бастама, маңызды қадам бұдан әрі де қоғам бірлігін арттыру, азаматтар мен мемлекеттік органдардың «Нұрлы жол» бағдарламасын іске асыру жолында тізе қосып қимылдауына сеп болады. Сондай-ақ, жаһандық, геосаяси және экономикалық тұрақсыздықтың өсуі жағдайында дер кезінде көтерілген өзекті, керекті ұсыныс. Көптің пікірі осы.

Бірлігі бар ел озады, бірлігі жоқ ел тозады. Сайлау – салмақты, салиқалы, ауызбіршілікке, ынтымаққа шақыратын ұсыныс. Ең алдымен, уақтылы жасалған бастама,-дейді көкшетаулықтар.

Ұтпасақ, ұтылмайтынымыз анық. Дер кезінде көтерілген бастама талай жақсылықтың бастауы болайын деп тұр. Атырау өңіріндегі зиялы қауым өкілдерінің пікірі осындай.

Тұрақтылықты ұстап тұру үшін де Президент сайлауын қазір өткізіп алған жөн», - дейді Шығыс Қазақстандағы зиялы қауым өкілдері.

«Ысырапшылдыққа жол бермейміз. Бұл - уақыт талабы. Саяси науқан арқылы ішкі тұтастығымызды сақтай отырып, әлемдегі геосаяси қиын жағдайларға да, экономикалық қиындықтарға да қарсы тұра алатын боламыз». Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғындары осылайша пікір білдірді.

Ассамблеяның тың бастамасына отандық зиялы қауым өкілдері осылайша бірауыздан оң көзқарас танытып отыр. Қай саланың да саяси науқан арқылы асығы алшысынан түсетініне күмән келтірмейді олар.

 

Индира БЕГАЙДАР

 

Хабарламаларға жазылу