«Нұрлы жол» бағдарламасында белгіленген бағыттар – ел экономикасының темірқазығы. Мемлекеттік маңызы зор жобаның көздегені – жұмыс орындарын көптеп ашып, жұмыссыз жүргендердің қатарын азайту. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында Сенат депутаты Елеусін Сағындықов мәлімдеді.
Оның айтуынша, «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында алдағы 4 жыл ішінде 400 мыңнан аса адамды жұмыспен қамту көзделген. Мәселен, автожол салу есебінен 200 мың жұмыс орны ашылмақ. Оған бюджеттен қаржы қарастырылды.
«Кез-келген салада жұмыссыздар қатарын азайту үшін мемлекет аянып қалмақ емес»,-дейді сенатор. Алайда басты мақсат – ел қаражатын есеппен жұмсау.
Жазира ДОСМАҒАНБЕТ