Қорық қызметкерлері марапатталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қорық қызметкерлері марапатталды

21.02.2015
Қорық қызметкерлері марапатталды

22 ақпан Іле Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің құрылған күні. Осыған орай парктің спорт кешенінде мерекелік іс-шара өтті. Ұлттық парктің басшысы сөз алып, тұмса табиғаттың сұлулығын сақтауға күш салып жүрген табиғат сақшыларын төл мерекесімен құттықтап, салаға еңбегі сіңген бірнеше қызметкерді марапаттады.

Өнерпаздар мерекелік шараға қатысушыларға әннен шашу шашты. Салтанатты шара жылдағы дәстүр бойынша спорттық жарыстармен жалғасты.

Парк директорының айтуынша, мұндай спорттық жарыстар қорықшы қызметкерлердің денсаулығын нығайтып, төзімділікке үйретеді.

Амангелді СЕЙІТХАН

Хабарламаларға жазылу