Алматыда метро құрылысының жұмысы жалғасады. Жерасты жолын одан әрі жандандыру үшін бюджеттен 8 миллиард теңге бөлінді.
Бұл туралы тұрғындар алдында есеп берген Алматы қаласының әкімі мәлімдеді.
Ахметжан Есімов өткен жылы атқарылған істерге рет-ретімен тоқталды.
Өмірге келген балалар саны бойынша Алматы шаһары өзге қалалардан озық тұр. Қалада 2014 жылы 41 мыңнан астам сәби дүние есігін ашқан.
Сәкен СЕЙІТХАНҰЛЫ