Алматыда «Сарыарқа» және «Бауыржан Момышұлы» метро бекеттері техникалық іске қосылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда «Сарыарқа» және «Бауыржан Момышұлы» метро бекеттері техникалық іске қосылды

30.12.2021

Алматыда «Сарыарқа» және «Бауыржан Момышұлы» метро бекеттері техникалық іске қосылды. Қазіргі кезде дайындығы - 96 пайыз. Жол қаланың басты көшелерінің бірі - Абай даңғылының астында, Алтынсарин даңғылынан Яссауи көшесіне дейінгі батыс бағытта орналасқан. Желі учаскесінің ұзындығы – 3,8 шақырым. Бүгінде негізгі құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталды. Жаңа станциялар қаланың халық тығыз орналасқан аудандарында ашылып отыр. Пайдалануға берілгеннен соң, жолаушылар ағыны күніне 40 мыңнан 86 мың адамға дейін артады деп күтілуде. Метро бекеттері алып шаһардың жол-көлік инфра құрылымындағы жүктемесін бірнеше есе азайтады. Жаңа станциялар 2022 жылдың наурыз айынан бастап жолаушыларды таси бастайды.

Жәнібек Етекбаев, "Алматыметроқұрылыс" АҚ бас директоры:

Алматыдағы әр метро бекетінің өзіне тән ерекше сәулеті бар. Атауына сай бір-біріне мүлдем ұқсамайды. Мәселен, Бауыржан Момышұлы станциясында Халық қаһарманы, қазақтың батыр ұлының қанатты сөзін жазып қойдық. Бекеттерге кіріп-шығу үшін жолаушыларға жайлы және қауіпсіз жағдайлар жасалған. Мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін жеделсатылар, экскалаторлар қарастырылған.


Хабарламаларға жазылу