Дәстүрге сәйкес, жергілікті халық арыстан бейнеленген ала-құла костюм, ағаш аяқ киім киіп, салмағы үш келі болатын зілдей бас киіммен қаланың көшелерін аралап, сауық-сайран құрады.
Әрі, фестивальды тамашалауға келгендерге апельсин лақтырады. Қағып алған адамға осы жыл сәтті болады,-деген сенім бар.
Қызыққа толы карнавалды тамашалап қана қоймай, бірнеше келі тегін апельсин жинап алуға бұл жолы 500 мыңнан астам турист келеді, - деп күтуде ұйымдастырушылар.
Ауқымдылығы мен әсемділігі бойынша фестиваль ЮНЕСКО-ның мәдени мұра тізіміне енгізілген.
Нұрсұлу ҚАСЫМ