Испан полициясы Еуропадағы ең ірі заңсыз тасбақа фермасын жапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Испан полициясы Еуропадағы ең ірі заңсыз тасбақа фермасын жапты

23.08.2018

Мальорка аралындағы кешен аумағында 1100-ден астам бауырымен жорғалаушы және олардың 750 жұмыртқасы табылған.

Жалпы алғанда, жасырын фермадан тасбақалардың 62 түрі әшкереленді. Олардың арасында жойылуға шақ қалған рептилиялар да бар.

Арнайы операция кезінде Германияның екі азаматы, бір испаниялық ұсталды. Олар ақшаны заңсыз аудару және табиғатта аз қалған жануарларды заңсыз тасымалдау баптары бойынша жауапқа тартылуы мүмкін.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу