Балалар үйі мүлдем болмау керек – Айткүл Самақова - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Балалар үйі мүлдем болмау керек – Айткүл Самақова

18.02.2015
Балалар үйі мүлдем болмау керек – Айткүл Самақова

Астанада өткен «Нұр Отан» партиясы фракциясы жанындағы әлеуметтік кеңестің отырысында осы мәселе сөз болды.

Жиынға қатысушылар ата-ана қамқорынсыз қалған балаларды отбасыларға орналастыру керек, сонда жыл сайын жүйелі түрде балалар үйіндегі тәрбиеленушілер саны 10 пайызға азайып отырады деген тұжырымда.

Нақты деректерге сүйенер болсақ, елімізде 32 362 жетім және ата-ана қамқорынсыз қалған балалар бар.

Қазақстандық азаматтардың отбасыларына соңғы үш жылда балалар үйінен 3834 тәрбиеленуші қамқорлыққа, патронаттық асырап алуға берілген. 2327-і туған отбасыларына қайтып оралған.

«Меніңше балалар үйі мүлдем болмау керек. Бұрын өздеріңіз білесіздер, жағдай қаншалықты қиын болсада қараусыз қалған баланы көршілері немесе туыстары алушы еді. Қазір жетім балаларды біреулер бағып, баласы қылып алса, сол отбасыға бюджеттен ақша бөлінеді, дейді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» партиясы фракциясының жанындағы әлеуметтік кеңестің төрайымы Айткүл Самақова.

Хабарламаларға жазылу