Бүгін Ұлттық арнаға Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданынан Сұлтанғали Айтжанов есімді азамат хабарласты.
Бейнеу ауданы тұрғынының бұрғылау саласында 41 жылдық еңбек өтілі бар. 55 жастан бастап зейнетақы алып келеді. Алайда, 58 жасқа келгенде қосымша жәрдемақы төленуі керек-тін. Бүгінде сол жәрдемақыны ала алмай келеді.
Сұлтанғали Айтжановтың мәселесіне байланысты Маңғыстау облысы, Бейнеу аудандық зейнетақы мен жәрдемақы төлеу орталығының маманы Зәуре Құсайынова жауап береді.