Әлеуметтік төлемдер көбейеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлеуметтік төлемдер көбейеді

11.01.2018

Биыл шілде айынан бастап бірінші топтағы мүгедектерді бағып отырған ата-аналарға қосымша жәрдемақы тағайындалады. Бұл туралы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілдері кезекті жиында хабарлады.

Мамандардың айтуынша, жәрдемақы өткен жылмен салыстырғанда 16  пайызға артық төленбек. Күні кеше Елбасы жолдауында міндеттелген әлеуметтік төлемдер жүйесін қолға алған министрлік бірқатар өзгерістің болатын айтады.

Яғни, биылдан бастап зейнетақы және жәрдемақы мөлшері артады.  Бұл үшін мемлекет қазынасынан 3 миллиард теңге бөлінді.  

Светлана Жақыпова, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі:

Жәрдемақы мүгедек бала 18 жасқа толғанға дейін төленеді. Елбасының берілген тапсырмасы сол балалар өсіп, енді бірінші топтағы мүгедек, жүре алмайды, анасының қамқорлығында. Сол аналарға бұған дейін беріліп келген төлемді  18 жастан кейін  де жалғастыруды білдіреді.

Хабарламаларға жазылу