Әсет Исекешев пен Владимир Школьник Ақтауға барды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әсет Исекешев пен Владимир Школьник Ақтауға барды

04.02.2015
Әсет Исекешев пен Владимир Школьник Ақтауға барды

Ақтауда жергілікті өнімнің үлесін арттыру бойынша өткен аймақтық форумда осы мәселелер айтылды.

Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев пен энергетика министрі Владимир Школьник бастап келген жұмыс тобы өңірдегі ірі мұнай компаниялары мен орта бизнес өкілдеріне тек отандық тауарды тұтынуды тапсырды.

Өткен жылы облыста мұнай операциялары үшін 435 миллиард теңгенің жергілікті өнімі пайдаланылған.

Осы орайда жергілікті әкімдік, жұмыс беруші мен кәсіподақ ұйымы, ұлттық компаниялар мен тауар өндірушілер арасында құны 300 миллиард теңгеден асатын 90-нан астам меморандумға қол қойылды.

 

Жазира ӘБІЛ

Хабарламаларға жазылу