Ақмола облысында балабақша ғимараттарын салу қарқыны баяу - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысында балабақша ғимараттарын салу қарқыны баяу

31.01.2015
Ақмола облысында балабақша ғимараттарын салу қарқыны баяу

Ақмола облысында балабақша жетіспеушілігі өзекті мәселелердің бірі. Бөбекжайға кезекте тұрған бүлдіршіндердің саны бойынша Көкшетау қаласы көш бастап келеді. Салдарынан көптеген аналар декреттік демалыс мерзімі бітсе де жұмысқа шыға алмай отыр. 

Өңірде жаңа нысандар салынып жатыр, бірақ саны өте аз. Мәселен өткен жылы облыста бар жоғы алты жаңа бөбекжай ғана қолданысқа берілді. Алайда мұндай қарқынмен  жұрттың сұранысын толық қанағаттандыру үшін әлі ондаған жылдар керек. Әсіресе облыс орталығындағы жағдай сын көтермейді.

Ермек ЕЛБЕРГЕН

Хабарламаларға жазылу