Алматылық мұғалімдер 100% вакцина алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматылық мұғалімдер 100% вакцина алды

29.07.2021

Алматыдағы мұғалімдер 100 пайыз вакцина алған. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы айтты. Осылайша, педагогтар жаңа оқу жылына тас-түйін дайын. Сонымен қатар, қаладағы жоғарғы оқу орындарында да екпе науқаны жүріп жатыр. Қазір студенттердің 28 пайызы қамтылған. Білім алушылардың басым бөлігі сырттан келетіндіктен, мекемелерде иммундау ісі баяу жүріп жатыр дейді мамандар. Айта кетейік, мегаполисте соңғы тәулікте вирус жұқтырған 1450 адам анықталды. Ауруханаларда 4 мыңнан астам адам ем алып жатыр. Олардың барлығы дерлік екпе алмағандар. Ал жалпы қала бойынша 700 мыңға жуық адам вакциналанған.

Бақытжан Сағынтаев, қала әкімі:
Қазір вакцина салу қарқыны баяулағаны байқалады. Бұл жұмысты күнделікті қадағалап отырмыз. Ауруханаларға түсіп жатқан науқастардың 99 пайызы екпе алмағандар. Ол бізге не үшін керек? Қалыпты жағдайға қайта оралу үшін барлығымыз вакцина салдыруымыз керек. Тұрғындарды соған шақырамын.

Нұрхан Нұрланұлы

Хабарламаларға жазылу