Павлодар қаласының әкімі Болат Бақауов есеп берді. Бұл оның тұрғындармен 6-шы рет кездесуі. Шаһар басшысы алдымен қалаға қарасты ауылдық округтерге барған. Павлодар еліміздегі ең көрікті қалалардың бірі. Сондықтан, тазалық, көріктендіру жұмыстары және қала сәулетіне жұртшылық бей-жай қарамайды. Есепті кездесудегі сұрақтардың басым бөлігі осы мәселелерге арналды. Өткен жылы көпқабатты 37 үйдің аулалары жөнделген. 30-ға тарта балалар ойнайтын алаңдар салынды. «Бюджеттік мүмкіншіліктерді ескере отырып, бұл жұмыстарды жалғастырамыз»,-деді Болат Бақауов.
Болат АМАНБАЕВ