Ұшақ апатынан аман қалған Әсем Шаяхметоваға 5-тен аса операция жасалуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұшақ апатынан аман қалған Әсем Шаяхметоваға 5-тен аса операция жасалуы мүмкін

30.01.2015
Ұшақ апатынан аман қалған Әсем Шаяхметоваға 5-тен аса операция жасалуы мүмкін

Әуелі, 27-қаңтар күні Әсемнің омыртқасына денесін бекіту отасы жасалған. Содан соң, 29 қаңтарда бойжеткеннің жамбас сүйегі, сол және оң жақ жіліншек сүйегіне 4 бірдей операция жасалған.

Науқас әзірге аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер оның жағдайын тұрақты әрі ауыр екенін айтады. 

Еске сала кетейік, 20-қаңтар күні Жамбыл облысында болған әуе апаты кезінде құтқарушыларға хабар берген Әсем Шаяхметова болатын. 

 

Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу