Қазір бұл бағыттағы жұмыстар қызу жүріп жатыр. Алдағы күндері әр елдің өкілдері осы мәселе бойынша Стамбұлда жиналып, нақты шешімдер қабылдамақ.
«Сәтін салса ортақ телеарна алдағы 2 жылдың ішінде ашылуы әбден мүмкін»,- дейді бас хатшы Рамиль Хасанов.
Оның айтуынша, бұл қадам түркі әлемін бұданда жақындастыра түсетіні сөзсіз. Себебі, бұған дейін де қазақ басшысының ұсынысымен құрылған ТүркПА, Түркі кеңесі сияқты ұйымдар түбі бір түркі елдерінің байланысын жаңа сатыға көтерді.
Бақытжан ОМАР