Түркі дүниесіне ортақ ақпарат агенттіктері құрылуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркі дүниесіне ортақ ақпарат агенттіктері құрылуы мүмкін

28.03.2024

Түркі дүниесіне ортақ ақпарат агенттіктері құрылуы мүмкін. Телеарналар ашылып, түркі жұртын біріктіруге бағытталған фильмдер түсіру де жоспарда бар. Бұл туралы Түркісой ұйымының бастамасымен Ашхабадта өтіп жатқан халықаралық медиа форумда айтылды. Мақсатымыз – түркі әлеміне қарасты медиа құрылымдар мен осы салада еңбек етіп жүрген азаматтардың арасында ортақ платформа қалыптастыру, - дейді жиынды ұйымдастырушылар. Түркі халықтары түгел түсінетін ортақ дүниелер жасау жайы да талқыланды.

Саит Юсуф, Түркісой ұйымы бас хатшысының орынбасары:

Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан мен Түркиядан, өзге де елдерден БАҚ өкілдері келді, әрбірі өз жұмысы жайлы айтып жатыр. Түркі тілдес елдерді біріктіре түсу жолында тағы істей аламыз деген мәселені талқылауға жиналдық. Біз бір жолға шықтық, ортақ дүниелерге ұмтылу жолы. Түркі әлемінің медиа алаңында бұдан да етене жұмыс жүргізе аламыз деп сенемін.

Базаркұл Отыншиева


Хабарламаларға жазылу