Астана қаласының Әділет департаменті 2014 жылды қорытындылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астана қаласының Әділет департаменті 2014 жылды қорытындылады

21.01.2015
Астана қаласының Әділет департаменті 2014 жылды қорытындылады

Оның сөзінше өткен жылы құзырлы мекемеге 6248 заңды тұлға мен 95 мың жылжымайтын мүліктің құжаты тіркелген.

Департамент басшысы биылғы жылы жүзеге асыратын мақсат-міндеттерімен де бөлісті.

Отырысқа қатысқан Әділет министрі Берік Имашев, мекемеге атқару құжаттарының әлеуметтік маңызды санаттарын орындау бойынша тапсырма берді.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауы аясында айтылған басқа да мәселелер бойынша жұмыстар атқару керектігін баса айтты.

 

Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу