Мәжіліс жылды қорытындылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәжіліс жылды қорытындылады

25.12.2019

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында өткен жылды қорытындылаған Нұрлан Нығматулин Президент Жолдауындағы тапсырмаларды орындау жұмыстары заңнамамен толық қамтамасыз етілгенін айтты.

Соңғы 4 айда Мәжіліс 77 заң жобасын жұмысқа алған. Оның 30-дан астамын қарап, мақұлдады. Мәселен, жемқорлық үшін жазаға тарту, мұғалім мәртебесі, әкімшілік және қылмыстық кодекс, салық заңнамасы және тағы да басқалары. Мәжіліс спикері келер жылы халық игілігіне бағытталған жұмыстар одан да жақсы қарқын алу керектігін айтты. Сондықтан қаңтар айының басынан бастап депутаттар аймақтарды аралап, қарапайым тұрғындармен кездесуді жоспарлап отыр.

Оңғар Алпысбайұлы

Хабарламаларға жазылу