Рудный қаласында адам ұрлады деген күдікпен үш адам ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Рудный қаласында адам ұрлады деген күдікпен үш адам ұсталды

19.01.2015
Рудный қаласында адам ұрлады деген күдікпен үш адам ұсталды

Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде көп ұзамай күдіктілер қолға түсті.

Кейін белгілі болғандай жәбірленуші күдіктілерден 4 мың АҚШ доллар көлемінде қарыз алып, оны уақытында қайтармаған.

Сол себепті қарыз берушілер соңына түсіп, Астана қаласында жасырынып жүрген жерінен ұстап, Қостанай қаласына алып келіпті.

Мұнан соң қала шетіндегі бір үйге қамап, қарызын қайтармайынша босатпайтындарын айтқан. Қазір күдіктінің үшеуі де қамауға алынды.

 

Дәуренбек ӘБДІБЕК

Хабарламаларға жазылу