Алматыда қарияларды тонаған ер адам ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда қарияларды тонаған ер адам ұсталды

22.02.2022

Алматыда қариялардың алтын бұйымдарын ұрлады деген күдікпен ер адам ұсталды. Оның іс-әрекеті бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Күдікті егде жастағы өзіне қарсылық көрсете алмайтын кісілерді тонаған. Ол жылдам әрекет етіп әжейлердің құлағындағы сырғасын жұлып әкетіп отырған. 37 жастағы Түркістан облысының тумасы әшекей заттарды ломбардқа өткізіп, ақшасын керек-жарағына жұмсаған. Алматыда пәтер жалдап тұрған. Еш жерде жұмыс істемеген. Бұрын сотты болған ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Зейнеткер:
Қайдан тап бергенін байқамай да қалдым. Қас-қағым сәтте артымнан келіп құлағымдағы сырғамды жұлып алды. Қатты екпінмен итеріп жібергенде, басыммен жерге құладым.

Хабарламаларға жазылу