Қазір тіркеуге тұрудың еш қиындығы жоқ. Тіпті, ғаламтор арқылы үйіңізде отырып-ақ мәселеңізді шеше беруіңізге болады.
Пәтер жалдап тұрсаңыз сол үйге тіркелуіңіз шарт. Мысалы, тіркелген мекен-жайыңыз Алматыда өзіңіз Астанада немесе басқа қалада тұрсаңыз, сонда тіркелуіңіз міндет. Яғни, не баспанаңызға не жалдаған үйіңізге ғана тіркелесіз.
Ал егер, белгілі себептермен тұрғылықты мекен-жайыңызға тіркеле алмасаңыз, жұмыс орныңызға тіркеуге отыруға болады.
Айбар ТӨЛЖАНҰЛЫ