Алматы қаласындағы Наурызбай ауданы тұрғындарының баспана мәселесі шешілуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы қаласындағы Наурызбай ауданы тұрғындарының баспана мәселесі шешілуде

09.01.2015
Алматы қаласындағы Наурызбай ауданы тұрғындарының баспана мәселесі шешілуде

15 қаңтарда үйлер cүріледі деген сыбысты естіген Шұғыла ауылының тұрғындары жиналып қарсылық білдірді.

Шұғыла тұрғындары ауыл Қарасай ауданына қарап, қала құрамына кірмей тұрған кезде пайға үлестірген жерге баспаналарын салып, газ жүргізіп, жарық тартып алған.

Алматы қаласының аумағы кеңейіп, Шұғыла ауылы Наурызбай ауданының еншісіне берілгеннен кейін жергілікті әкімшілік үйілерді қоршап тастаған.

Мәселеге байланысты Наурызбай ауданының әкімі Қуаныш Қашқымбаев халықтың ұсынысын ескере отырып, бұл мәселені тез арада шешетінін жеткізді.

 

Нұрлан НАУРЫЗАЛИЕВ

Хабарламаларға жазылу