Алматыда селден 9 баспана қирап, 456 үйді су басқан - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда селден 9 баспана қирап, 456 үйді су басқан

28.07.2015
Алматыда селден 9 баспана қирап, 456 үйді су басқан

Алматыда селден жапа шеккен тұрғындар әлі де көмекке мұқтаж.

Наурызбай ауданы Қарағайлы ықшамауданындағы тұрғындардың бірқатары дер кезінде көрсетілген көмекке разы. Арыз-шағым да жоқ емес. 

Жалпы, Наурызбай, Әуезов, Алатау аудандарында 9 баспана қирап, 456 үй мен 44 көшені су басқан.

Алдын ала болжам бойынша лай көшкінінен зардап шеккен аймақты қалпына келтіру жұмыстары бір айға созылуы мүмкін.

 

Нұрлан НАУРЫЗАЛИЕВ 

Хабарламаларға жазылу