Қайғылы оқиға, осы жылдың 23-ші қыркүйегі күні Алматы облысы Жаңалық ауылының маңында орын алған еді. Оқу-жаттығу барысында СУ-27 ұшағы құлаған еді.
Марқұмдардың екеуі де Мемлекет басшысы Жарлығымен екінші дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды. Аталған ордендерді офицерлердің анасына табыстаған Иманғали Тасмағамбетов, «осындай офицерлер ел мақтанышы»,-деп, көңіл айтты.