Геннадий Головкин жаңа марапатқа ие болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Геннадий Головкин жаңа марапатқа ие болды

04.11.2015
Геннадий Головкин жаңа марапатқа ие болды
Бүкіләлемдік бокс кеңесінің Қытайда өткен дәстүрлі конвенциясында бірқатар боксшылар марапатталды.

Олардың қатарында WBA, WBС, IBO және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы Әлем чемпионы Геннадий Головкин де бар.

Сондай-ақ, Бүкіләлемдік бокс кеңесі украиналық Виктор Постол, швед спортшысы Баду Джек, мексикалық Хулио Сезар Чавес секілді өзге де мықтыларға құрмет көрсетті.

Рустам БАЙДӘУЛЕТ

Хабарламаларға жазылу