Н.Назарбаев: Мемлекеттік марапат - төккен тер мен еңбектің лайықты бағасы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Н.Назарбаев: Мемлекеттік марапат - төккен тер мен еңбектің лайықты бағасы

15.12.2014
Н.Назарбаев: Мемлекеттік марапат - төккен тер мен еңбектің лайықты бағасы

Мемлекеттік сыйлықтың маңызы зор, ол төккен тер мен еңбектің лайықты бағасы.

Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі және белсенді қоғамдық қызметі үшін азаматтардың үлкен бір тобын мемлекеттік сыйлықпен марапаттау барысында осылай мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Биыл Тәуелсіздігіміздің 23 жылында қыруар шаралар атқардық. Мұның барлығына өздеріңіз де куә болып, қатынасып келесіздер. Біз мемлекет құрдық, экономиканы түзедік, Қазақстанды дүниежүзіне таныттық. Әлеуметтік жағдайда, білімде, өнерде де көптеген жетістіктерге жеттік. Алдымызға қойған мақсаттарды орындап келеміз, мұның бәрі халықтың, еліміздің ерен еңбегінің арқасы», - деді Н. Назарбаев.

Айта кетейік, Тәуелсіздік күні қарсаңында 1,5 мыңға жуық адам мемлекеттік сыйлықпен марапатталып отыр. 

 

Фото: ҚазАқпарат

Хабарламаларға жазылу