Еркебұлан Дайыров «Намыс» медалімен марапатталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еркебұлан Дайыров «Намыс» медалімен марапатталды

18.02.2014
Еркебұлан Дайыров «Намыс» медалімен марапатталды
М.Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театрының актері, «Серпер» сыйлығының лауреаты Еркебұлан Дайыров  Бауыржан Момышұлы атындағы «Намыс» медалімен марапатталды.
 
Актерге төсбелгі  Ақан Сатаевтың «Бауыржан Момышұлы» көркем фильміндегі Бауыржан батыр рөлін сәтті сомдағаны үшін табысталды.
 
«Саны шектеулі медальді Бауыржандай батырдың өнегесін дәріптеп жүрген өнер адамдарына беріп келеміз. Еркебұлан осы медалді алған алғашқы екі актердің бірі», дейді, Ауған соғысы ардагерлері ұйымдары қауымдастығының төрағасы, Мәжіліс депутаты Бақытбек Смағұлов.
 
«Ұлт батырының ерлігін ешкім қайталай алмайды. Мен тек актер ретінде көркем фильмде рөл ойнадым. Төсбелігіні қолыма алғанда, фильмдегі төккен тер мен атқарылған ұжымдық еңбектің жақсы нәтиже бергенін сездім. Мұндай марапаттар біздің өнерге деген жауапкершілігімізді арттырады. Бауыржандай батырды сахналау - мен үшін үлкен бақыт», дейді өнердегі жолын олжалы бастаған  актер Еркебұлан  Дайыров.
 
Бүгін театр ұжымы актерді салтанатты түрде құттықтап, шығармашылық табыстар тіледі.

Хабарламаларға жазылу