Бүгінде еліміздегі байланыс желілері әлемдік стандарттарға сай келетін заманауи байланыс түрлеріне көшіп жатыр.
«Қазақтелеком» АҚ Инвестициялар және даму министрлігімен бірлесіп, жаңа жоба ұсынуда.
Мақсат - шалғайдағы елді мекендерді талшықты-оптикалық байланыс желісімен қамту.
Оның басты артықшылығы - абонент бірнеше қызметті, яғни, жоғары жылдамдықтағы интернет, сандық сападағы телеарна және көптеген қызметті атқара алатын сандық телефонияға бірден қоса алады.
Бүгін Мәжіліс депутаттарынан құралған сараптамалық топ 4G стандарты ұсынатын ұялы байланыс желісінің жұмысымен танысты.
Жазира ДОСМАҒАНБЕТ