Ауыл азаматымен асқақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ауыл азаматымен асқақ

15.11.2014
Ауыл азаматымен асқақ

Қарағанды облысына қарасты Нұра ауданының Шахтер ауылында қазақ, орыс, кәріс, украин сынды бірнеше ұлттың өкілдері тұрады. Биыл құрылғанына 60 жыл толып отырған диқандар ауылының бар шаруашылығын дөңгелетіп, берекесін келтіріп отырған неміс ұлтының өкілі. Жоғары білікті агроном Георгий Прокоп Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі. Осы қоғамдық институттың қадыр-қасиетін жанына жақын ұстап, өзінің патриоттық ұстанымын ісімен дәлелдеген азамат.

Георгий Прокоп 2001 жылы «Шахтер» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін ашып, ауылдағы механизатор, комбайнер, агроном сынды бұрынғы тәжірибелі мамандарды сақтап қалды. Сөйтіп, егін шаруашылығын қайта түлетті.

Бүгінде ауылдағы 1000-нан астам тұрғынның басым көпшілігі осы шаруақор неміс жігітінің қарамағында еңбек етеді. Георгий Прокоп ауылдықтар үшін қамқоршыға айналған жан.

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу