Астанада 200-ге жуық жұмысшы жылусыз қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада 200-ге жуық жұмысшы жылусыз қалды

04.11.2014
Астанада 200-ге жуық жұмысшы жылусыз қалды

«Қызметкерлерім қара суықта жұмыс істеуге мәжбүр». Астаналық кәсіпкерлердің бірі Ұлттық арнаға осылай, деп шағымданды.

Оның айтуынша, кәсіпкердің қарызы  болмаса да, «Астана-Теплотранзит»  жылу бермей отыр. Соның салдарынан 200-ге жуық адам тоңып отыр.

Ал, жылу беру мекемесі өз әрекеттерін «заңды» дейді.

Қазір үш қабатты сауда үйінің  екінші қабаты ғана жұмыс істеп тұр. Қызметкерлер  жақын  арада жылу берілмесе,  жұмыс орындарын тастап кетуге әзір екендіктерін айтады. 

 

Айдана ҮСЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу