Қарағанды облысындағы Сәтбаев шахтасында жарылыс болып, оқиға салдарынан 1981 жылғы кенші қаза тапты.
Апат бүгін түнгі сағат 03.30-да Оңтүстік Жезқазған кенішінің 65-ші шахтасында болған.
Қазір, оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында арнайы комиссия құрылды. Оның құрамына төтенше жағдайлар, Еңбек департаменті қызметкерлері мен прокурорлар енген.
Кеніш «Қазақмыс» корпорациясына тиесілі.
Руслан НҰРЛАНҰЛЫ