Қарағанды облысының тұрғыны баласын 500 теңгеге саудалаған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды облысының тұрғыны баласын 500 теңгеге саудалаған

04.11.2014
Қарағанды облысының тұрғыны баласын 500 теңгеге саудалаған

Қарағанды қаласындағы «Аврора» базарында үш айлық нәрестесін саудалаған тасжүрек ана мен оның бөтелкелес досы ұсталды.

Олар сәбиді 500 теңгеге сатпақшы болған. «Бұған себеп  ішер астың болмауы», деп түсіндірген.

Оқиға орнына жеткен полицейлер ішімдікке сылқия тойған 1984 жылғы жезқазғандық келіншек пен оның бөтелкелесін жауап алу үшін бөлімшеге әкетті.

Дәрігерлер кішкентай Томиристің денсаулығында кінәрат бар, деген тұжырымға келген соң, сәби ауруханаға жеткізілді. 

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу