Мемлекет басшысы Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбекті қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбекті қабылдады

21.11.2022

Мемлекет басшысы Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбекті қабылдады. Кездесуде ол өңірдің 10 айдағы даму қарқыны туралы баяндады. Жеңіс Қасымбектің айтуынша, өнеркәсіп өнімін өндіру көлемі 3,1 триллион теңгеге жеткен. Облыс экономикасына 522 миллиард теңге инвестиция тартылды. Сонымен қатар Президентке Қарағанды облысының автомобиль жолдарын дамыту, халықты сумен қамтамасыз ету жөнінде мәлімет берілді. Жеңіс Қасымбек «АрселорМиттал Теміртау» компаниясындағы жағдай туралы да баяндады.

Жеңіс Қасымбек, Қарағанды облысының әкімі:
Қарағанды облысының экономикалық және әлеуметтік дамуы туралы баяндама бердім Президентке. Жалпы 10 айдың қорытындысы бойынша жағдай тұрақты. Президент Қарағанды облысының дамуы үшін бірнеше нақты тапсырмаларды берді.

Шерхан Жамбылұлы

Хабарламаларға жазылу