Оралда бұралқы иттер бір қора қойды қырып тастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оралда бұралқы иттер бір қора қойды қырып тастады

03.11.2014
Оралда бұралқы иттер бір қора қойды қырып тастады

Түнде қабырғаны тесіп кірген иттер 60 қой мен 10 ешкіні жарып тастаған. Оқыс оқиғаны үйдің иелері таңертең байқаған.

Таяқ алып қумағанда, қалған малды да жайратып тастар еді, дейді Нұрғали Темірғалиев.

Қазір  олардың өлексесі мал моласына апарылып, тиісті құжаттар толтырылды.

Сондай-ақ, қой-ешкіні қырып кеткен екі ит атылып, иесі анықталды. Зардап шеккен отбасына келтірілген шығынның көлемі анықталуда.

 

Рауан ДИӘЛИ

Хабарламаларға жазылу