Жиында жоғары оқу орындарының стандарттарға сәйкестігі, қазіргі нарыққа қажетті оқу бітірушілер мен ғылыми-зерттеу жұмыстарына инвестициялар тарту жағы сөз болды.
Білім және ғылым министрлігінің мәліметінше, елімізде сырттай оқитын жастардың саны артқан, сондықтан да қоғамға қажетсіз мамандықтар көбейіп отыр.
Сонымен қатар, Қазақстанда жоғары оқу орындарының саны көп болғанымен, білім сапасы көңіл көншітпейді.
Келесі жылдың соңына дейін комиссия республикадағы оқу орындарының дамуы бойынша стратегиялық бағдарламаларды қарауды жоспарлап отыр.
Индира БЕГАЙДАР