Жазғы Пара Азия Ойындары-2014 жеңімпаздарына төсбелгілер табысталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жазғы Пара Азия Ойындары-2014 жеңімпаздарына төсбелгілер табысталды

18.11.2014
Жазғы Пара Азия Ойындары-2014 жеңімпаздарына төсбелгілер табысталды

Астанада ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіхалықованың қатысуымен Инчхондағы XI жазғы Пара Азия Ойындары-2014 жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің салтанатты шеруі өтті, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және спорт министрлігі.

Мерекелік шара би флешмобынан басталды. Оған елордалық оқу орындарының 100-ден аса студенті қатысты.

Қазақстанның паралимпиадалық спортын дамытуға қосқан үлесі үшін спортшыларға төсбелгілер мен Алғыс хаттар табысталды.

Гүлшара Әбдіхалықова ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың құттықтауын оқып, жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген жеңімпаздарға сертификаттар табыстады.

Чемпиондар мен жүлдегерлерге Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде арнайы экскурсия ұйымдастырылды.

Естеріңізге сала кетейік, Оңтүстік Кореядағы Паралимпиада ойындары 18-24 қазан аралығында өтті.

Қазақстан құрамасы 7 алтын, 6 күміс пен 11 қола медальға қол жеткізген еді.

Хабарламаларға жазылу