Оқушылар суық мектепте білім алуға мәжбүр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оқушылар суық мектепте білім алуға мәжбүр

31.10.2014
Оқушылар суық мектепте білім алуға мәжбүр

Білім мекемесіне әлі күнге дейін жылу берілмеген. Оқушылар суық кабинеттерде оқуға мәжбүр.

Қырық жыл бұрын бой көтерген ескі ғимараттың іші азынап тұр. Терезелері де жаңартылмаған.

Сондықтан мұндағы жасөспірімдер сырт киімдерін іште де шешпей жүреді. 

Аудандық білім бөліміндегілер алдын-ала дайындық ретінде 50 мектеп пен 33 балабақшаға жылу берілді, деп сендірді.

 

Айнұр АҚБАЕВА 

Хабарламаларға жазылу