Қарағанды облысына қарасты Қарқаралы қаласының әкімі Нұрлан Батырбековтің баласы кісі өлтірмекші болған, деген ақпарат тарады.
Шенеуніктің 23 жастағы Нариман есімді ұлы жолдасы екеуі ортақ таныстарын өлімші етіп соққыға жығып, көлігін өртеп жіберген.
Алайда, жәбір көруші тірі қалған. Алдағы уақытта әкімнің ұлы қылмысқа қатысқаны дәлелденетін болса, әкесінің қызметтен кетуі мүмкін.
Руслан НҰРЛАНҰЛЫ