Үш ауысымды мектеп мәселесі шешілер емес - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үш ауысымды мектеп мәселесі шешілер емес

29.10.2014
Үш ауысымды мектеп мәселесі шешілер емес

Оның бірі – қалаға қарасты Кірпішті ауылындағы нөмері 18-ші орта мектеп. 160 орынға шақталған ғимаратта бүгінде 600-ден астам бала қысылып-қымтырылып, білім алуға мәжбүр. 

Мұнда киім ауыстыратын, тамақ ішетін орындар атымен жоқ. Тек бастауыш сынып оқушыларына аядай бөлмеде кезекпен сусын мен жеміс-жидек беріледі.

Қазіргі күні облыста 11 білім беру мекемесінің құрылысы жүруде. Апатты жағдайда тұрған 4 мектептің оқушылары да екі жылдан кейін  жаңа ғимаратта оқитын болады, дейді білім саласына жауаптылар.

 

Жақсыбек КЕМАЛ

Хабарламаларға жазылу