Алматы қаласындағы №2 автопарк көгілдір отынмен жүретін автобустармен толықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы қаласындағы №2 автопарк көгілдір отынмен жүретін автобустармен толықты

28.10.2014
Алматы қаласындағы №2 автопарк көгілдір отынмен жүретін автобустармен толықты

Алматы қаласындағы №2 коммуналдық автопаркі көгілдір отынмен жүретін 100 жаңа автобуспен толықты.

Жыл соңына дейін тағы да 100 муниципалды автобус алынады. Қазірдің өзінде қаладағы газбен жүретін автобус саны 400-ге жеткен.

Троллейбус пен трамвайларды қосқанда, қала автопарктерінде тек электр энергиясы мен газды тұтынатын 850 қоғамдық көлік бар.

 Бұл шаһардағы барлық қоғамдық көліктердің тең жартысын құрайды.

Нұрлан НАУРЫЗАЛИЕВ

Хабарламаларға жазылу